May 25, 2026

Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде дербес деректер мен басқа да сезімтал ақпараттың таралу тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі ұсынымдар

2026 жылғы 14 мамырда «Ионосфера институты» ЖШС Комплаенс-офицері қызметкерлермен «Мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінде дербес деректер мен басқа да сезімтал ақпараттың жылыстау тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі ұсынымдар» тақырыбында түсіндірме әңгіме жүргізді.

Кездесу барысында ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ қызметтік және құпия ақпараттың жылыстауының алдын алу шаралары қаралды. Қызметкерлерге деректермен қауіпсіз жұмыс істеудің негізгі ережелері, заңнама талаптары мен ұйымның ішкі саясатын бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Мұндай іс-шараларды өткізу жұмыскерлердің құқықтық және ақпараттық мәдениеті деңгейін арттыруға, сондай-ақ ұйымдағы комплаенс-бақылау жүйесін нығайтуға бағытталған.

Басқа жаңалықтар
Жазылып, оқиғалардан хабардар болыңыз