


Геомагниттік өлшеулер — ғарыштық ауа райын зерттеу және инфрақұрылымды қорғау мақсатында Жердің магнит өрісіндегі өзгерістерді бақылау.

Аэрокосмостық мониторинг — жерсеріктер мен әуе платформаларын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жағдайы туралы деректер алу және мониторинг жүргізу.

ЖҚЗ (ДЗЗ) радарлы деректерін өңдеу— объектілерді анықтау мен ландшафт өзгерістерін анықтау мақсатында Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау және интерпретациялау.

Ғарыштық түсірілім — спутниктік технологияларды пайдалана отырып, табиғи және техногендік құбылыстарды бақылау үшін Жердің суреттерін алу.
Геоақпараттық жүйелерді (ГАЖ) әзірлеу — пайдаланушыларға кеңістіктік деректер мен талдау құралдарына қолжетімділік беретін ГАЖ-платформаларды құру және басқару.

Картографиялық қызметтер — геосервистер аясында әртүрлі типтегі карталарды (цифрлық және баспа) жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ интерактивті карталар мен қолданушыларға арналған шешімдер әзірлеу.

Геодезия және топография — геосервистер аясында нақты координаттар жөніндегі мәліметтер, топографиялық карталар және геопростанциялық қосымшаларды жасау үшін қажет басқа да өлшеу деректер ұсынылуы мүмкін.

Тақырыптық жобалар — нақты мәселелерді шешу үшін геосервистерде қолданылуы мүмкін әртүрлі салалар бойынша арнайы карталар мен кеңістіктік деректерді құру.






