November 20, 2026
Ғалымдар мен мамандар Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанындағы ғылым жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмысына қатысуға шақырылады
Ғалымдар мен мамандар ғылым жөніндегі сараптамалық кеңестің жұмысына қатысуға шақырылады. Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сараптамалық кеңес құрылды. Кеңес отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін қарастырады және заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
Қатысуға ғылыми және білім беру ұйымдарының ғалымдары мен мамандары шақырылады. Ұсыныстар зерттеулерді қаржыландыру, ғылыми конкурстар мен сараптама жүргізу, материалдық-техникалық базаны дамыту, ғылыми кадрларды қолдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру және енгізу мәселелеріне қатысты болуы мүмкін.
Ұсыныстарда нақты проблеманың сипаттамасы, оның негіздемесі және ықтимал шешу жолдары қамтылуы тиіс. Бастаманы Құрылтайдың ресми сайтында «Қызметі» — «Сараптамалық кеңестер» бөлімінде Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті мен тиісті бағытты таңдау арқылы жолдауға болады.
