November 26, 2026

2026-2028 | Технологиялық инфрақұрылым үшін тәуекелдерді мониторингілеу, болжау, талдау және бағалау негізінде ғарыш ауа райының экстремалды құбылыстары туралы ескерту жүйесін құру

  • ИНН BR34837416
  • Аяқтау мерзімі: 2026-2028
  • Жоба жетекшісі: Жұмабаев Бейбіт Тенелұлы, физ.-мат. ғылым. канд.
  • Жобаның мақсаты:Электромагниттік өлшеулермен кешенді түрде күн желінің планетааралық соққы толқынының импульстік әсеріне жиіліктің доплерлік ығысуындағы ионосфераның жауап беру ерекшеліктері мен реакция уақытын зерттеу.
Міндеттері:

2026
– Күн транзиенттерінің әсерінен магнитосфералық толқулардың қалыптасуының физикалық процестеріне зерттеу жүргізу.
– Стационарлық полигондарда ионосфералық біртексіздіктер мен магнит өрісінің вариацияларын тіркеу бойынша зерттеулер кешенін орындау.

Алынған нәтижелер:

2026 ж. – Күн транзиенттерінің: кешкі күн терминаторы мен G2 және G4+ деңгейлі магниттік дауылдардың синергетикалық әсеріне ионосфераның жауабына эксперименталдық зерттеу және салыстырмалы талдау орындалды. Ионосферадағы толқындық процестерді үздіксіз мониторингілеу үшін көлбеу ҚТ-радиотрассаларда ионосфералық сигналдың жиілігінің доплерлік ығысуын (ЖДЫ) тіркеу әдісі қолданылды. Алғаш рет күннің кешкі терминаторының өтуіне ионосфера жауабының G4+ және G2 деңгейлі геомагниттік дауылдардың толқытушы әсер ету дәрежесіне тәуелділігі көрсетілді. Алынған нәтижелер күн транзиенттерінің біріктірілген әсері жағдайында орта ендіктердің толқындық динамикасы туралы іргелі түсініктерді кеңейтеді.

G4+ деңгейлі магниттік дауыл мен кешкі күн терминаторының бірлескен әсері тербеліс периодтары 1100 – 4000 секунд және ұзақтығы шамамен 3,75 сағат болғанда, ДСЖ қос амплитудасының 6 Гц және одан да жоғары мәнге дейін артуына әкеледі (фондық вариациялар 0,1–0,5 Гц болған жағдайда). G2 деңгейлі магниттік дауыл мен кешкі күн терминаторының бірлескен әсері ұзақтығы шамамен 1,5 сағатқа созылатын ДСЖ қос амплитудасының 4 Гц-ке дейін артуына әкеледі.

Күн батуы кезіндегі геомагниттік дауылдардың әсеріне ионосфераның жауабын талдаудың ажыратымдылығы мен ақпараттылығын арттыру үшін қуаттың динамикалық спектрін есептеу әдісін қолданудың тиімділігі көрсетілді. G4+ және G2 деңгейлі дауылдар кезінде Күн батуы уақытында ЖДЫ вариациялары қуатының динамикалық спектрі фондық мәндерге қатысты сәйкесінше 10 және 4,32 есеге артты. Кешкі күн терминаторы магнитосфералық энергияның табиғи күшейткіші әрі түрлендіргіші рөлін атқарады, бұл ҚТ-сигналдың доплерлік амплитудасы мен ионосфералық сигналдың ЖДЫ вариациялары динамикалық спектрі қуатының аномалды өсуінен тікелей көрініс табады.

Басқа жаңалықтар
Жазылып, оқиғалардан хабардар болыңыз