“Ионосфера институты” ЖШС-де сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша оқу семинары жүргізілді

2026 жылғы 09 шілдеде “Ионосфера институты” ЖШС-де квазимемлекеттік сектор ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелеріне арналған оқыту іс-шарасы өткізілді.

Оқыту барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі қағидаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары, ұйым қызметінің ашықтығын қамтамасыз етудегі комплаенс-қызметінің рөлі, сондай-ақ қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары мен корпоративтік әдеп қағидаттарын сақтау бойынша міндеттері қаралды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде адалдық қағидаттарын сақтау, ғылыми ұйымның қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауапкершілік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар ең көп таралған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерімен, олардың туындауының практикалық мысалдарымен және құқық бұзушылықтардың алдын алу механизмдерімен танысты. Бұдан бөлек, ұйымның ішкі нормативтік құжаттарын сақтау, комплаенс-қызметпен өзара әрекеттесу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мәселелері қаралды.

Мұндай іс-шараларды өткізу қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңдылық, ашықтық пен айқындылық (прозрачность) қағидаттарын нығайтуға, сондай-ақ “Ионосфера институты” ЖШС-де ішкі бақылау жүйесін жетілдіруге ықпал етеді. “Ионосфера институты” ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, комплаенс жүйесін жетілдіруге және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, сондай-ақ іскерлік әдептің жоғары стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды жүйелі түрде іске асырып келеді.

Жазылып, оқиғалардан хабардар болыңыз