Нұрақынов Серік Маратұлы
Директор

Жалпы мәліметтер және білімі

Серик Маратович Нуракынов 1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Картография және геодезия» мамандығы бойынша бітірген (бакалавриат), сондай-ақ «Картография» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінде «Геодезия» мамандығы бойынша PhD дәрежесін қорғаған. 2012–2013 жылдары Австриядағы Парис Лодрон атындағы Зальцбург университетінде, ал 2017–2018 жылдары Гонконг политехникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолы

2009–2011 жж. – инженер, «Ионосфера институты» ЕЖШС, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.

2011–2017 жж. – ғылыми қызметкер, «Ионосфера институты» ЕЖШС, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.

2017–2020 жж. – зертхана меңгерушісі, «Ионосфера институты» ЕЖШС, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.

2020–2023 жж. – коммерциялық директор, «Ионосфера институты» ЕЖШС, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ.

2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Ионосфера институты» ЖШС директоры, Қазақстан Республикасы Аэроғарыш комитеті.

 

ID: 57207880232