Космо- және геофизикалық зерттеулер зертханасы

Зертханалар жердегі және ғарыштық құбылыстарға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады.
ЛАБОРАТОРИЯ ТУРАЛЫ

Зерттеу бағыттары:

Күн мен жерден туындайтын бұзылыстарға байланысты атмосферадағы және жер маңындағы ғарыш кеңістігіндегі динамикалық процестерді, сондай-ақ «Күн–Жер» жүйесіндегі себеп-салдарлық байланыстарды анықтау мақсатында ғарыштық және геофизикалық факторлардың (күн белсенділігі, галактикалық ғарыш сәулелері, литосфералық процестер) әсерінен Глобалдық электр тізбегі элементтерін зерттеу.

Іргелі зерттеулер:

Найзағай белсенділігін және найзағай разрядтарының басталу тетіктерін, соның ішінде олардың төменгі ионосфераға әсерін зерттеу.

Найзағай белсенділігінің динамикасына, атмосфералық электр өрісінің вариацияларына және ионосфераның негізгі параметрлеріне ғарыш сәулелері ағындарының әсер ету физикалық тетіктерін анықтау.

Күн-жер байланыстарының тетіктерін және олардың найзағай белсенділігіне әсерін зерттеу мақсатында биік таулы ғарыш сәулелері станциясында (теңіз деңгейінен 3340 м биіктікте) космо- және геофизикалық параметрлерге мониторинг жүргізу.

Жер бетіне жақын атмосфера қабатындағы энергиясы 0,025 — 1 эВ диапазонындағы табиғи тектегі нейтрон ағындарының қарқындылығын және олардың ғарыштық және литосфералық тектегі табиғи факторлардың әсерінен болатын вариацияларын зерттеу.

Эксперименталдық әдістер мен әзірлемелер:

Мониторингтің эксперименталдық базасын дамыту және жаңғырту, сондай-ақ деректерді жинау, өңдеу және талдау әдістерін жетілдіру үшін жаңа бағдарламалық-аппараттық кешендерді әзірлеу мен енгізу.

Жер үсті найзағай пеленгациясы желісін және кең жолақты диапазондағы электромагниттік сигналдарды талдауды пайдалана отырып, найзағай разрядтарын анықтау және локализациялау әдістерін әзірлеу.

Жер сілкіністерінің хабаршыларын диагностикалау және іздестіру үшін электр өрісі вариацияларын және баяу нейтрондар (соның ішінде литосфералық тектегі) ағындарын тіркеу және талдау.



Зертхана меңгерушісі
ЖОБАЛАР
Зертхана қызметкерлері