Комплаенс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет
«Ионосфера институты» ЖШС өз қызметін заңдылық, адалдық, ашықтық және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік принциптері негізінде жүзеге асырады.
Серіктестік ғылыми, зерттеу және әкімшілік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, іскерлік әдеп принциптерін, корпоративтік жауапкершілікті сақтауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға ерекше көңіл бөледі.
Комплаенс-функция парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға, заңнама бұзушылықтарының алдын алуға және Серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қызметтің негізгі бағыттары
– Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету;
– сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оларды барынша азайту;
– мүдделер қақтығысының алдын алу және оларды реттеу;
– корпоративтік әдепті және адал мінез-құлық принциптерін дамыту;
– ақпараттық-түсіндіру және профилактикалық жұмыстарды жүргізу;
– ықтимал бұзушылықтар туралы өтініштерді қарау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат
«Ионосфера институты» ЖШС сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандағы көріністеріне мүлдем төзбеушілік саясатын ұстанады.
Жұмыскерлерге, лауазымды тұлғаларға және контрагенттерге мыналарға тыйым салынады:
– заңсыз сыйақы ұсынуға, уәде етуге, беруге немесе алуға;
– қызметтік жағдайын жеке мүдделеріне пайдалануға;
– мүдделер қақтығысына жол беруге немесе оның бар екенін жасыруға;
– Қазақстан Республикасының заңнамасына және Серіктестіктің ішкі құжаттарына қайшы келетін әрекеттер жасауға.
Серіктестіктің әрбір жұмыскері заңнама талаптарын, кәсіби әдеп нормаларын және адал мінез-құлық принциптерін сақтау үшін дербес жауапты болады.
Бұзушылықтар туралы хабарламалар
Егер сізге сыбайлас жемқорлық, лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану, мүдделер қақтығысы фактілері немесе заңнаманың өзге де бұзушылықтары туралы белгілі болса, Серіктестіктің комплаенс-офицеріне хабарласа аласыз.
Комплаенс-офицердің байланыс мәліметтері:
Email: compliance@ionos.kz
Телефон: +7 771 144 86 89 89, 8 707 144 86 89
«Ионосфера институты» ЖШС өтініштің құпиялылығына кепілдік береді және келіп түскен ақпараттың объективті қаралуын қамтамасыз етеді.

Калтаева Ляззат Асылхановна
«Ионосфера институты» ЖШС ресми сайтының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөліміне қош келдіңіз!

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Бірыңғай Call-орталығына 1424 нөміріне (қоңырау ақысыз) хабарласыңыз.
1424 нөмірлі қоңырау орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша кеңес береді:
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
– Антикоррупциялық қызметке түскен өтініштер;
– Өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер.

