Ғарыштық ауа райын диагностикалау және болжау зертханасы
Зертханалар жердегі және ғарыштық құбылыстарға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады.
ЛАБОРАТОРИЯ ТУРАЛЫ
https://spaceweather.pages.dev
Зерттау бағыттары:
- Ғарыш ауа райының тұрақты мониторингі және болжамы;
- Жердің геомагниттік өрісін зерттеу;
- Күн белсенділігінің жер маңындағы ғарыш кеңістігінің күйіне әсерін зерттеу;
- NM64 биік таулы нейтрондық мониторының, ғарыш сәулелері станцияларының әлемдік желісіндегі нейтрондық мониторлардың және спутниктік өлшеулердің көмегімен ғарыш сәулелері қарқындылығының мінез-құлқын зерттеу;
- Геостационарлық орбитадағы жоғары энергиялы магнитосфералық электрондар ағынын зерттеу;
- Жердің жоғарғы атмосферасындағы тұрақты толқындық процестерді зерттеу.
Зертхана меңгерушісі
ЖОБАЛАР
- 2024-2026 : «Күн белсенділігінің 25 максимум кезеңіне жақын ғарыштық ауа райы оқиғаларын талдау және радиацияның ұлғаюы туралы жаңартылған ескерту жүйесін әзірлеу» - AP23489700
- 2023-2025 : «Геостационарлық орбитадағы жоғары энергиялы электрондар флюенсының күй-өзгерісін болжау моделін әзірлеу» - AP19678078
- 2020-2022 : «Жоғары энергиялы магнитосфералық электрондар және планета аралық ортаның жағдайы» - AP08855916
Зертхана қызметкерлері

