Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар зертханасы

Зертханалар жердегі және ғарыштық құбылыстарға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады.
ЛАБОРАТОРИЯ ТУРАЛЫ

Ғарыштық және геоақпараттық технологиялар зертханасы спутниктік мониторинг, геоинформатика саласындағы заманауи шешімдерді әзірлейді және енгізеді. Негізгі бағыттарға мұздықтар мен тас мұздықтарын (глетчерлерді) зерттеу, климаттық және гидрологиялық тәуекелдерді бағалау, геологиялық карталауға арналған болжамды-іздеу технологиялары, сондай-ақ үлкен геокеңістіктік деректерді талдау мен визуализациялауға арналған WEB-ГИС платформаларын әзірлеу кіреді. Жұмыс барысында аэрофототүсірілім үшін ұшқышсыз ұшу аппараттары, батиметрия үшін эхолоттар және кеңістіктік ақпаратты жинаудың басқа да заманауи әдістері белсенді қолданылады. Зертхананың кешенді тәсілі табиғи ресурстарды мониторингтеу, болжау және тиімді басқару үшін ғылыми негізделген құралдарды әзірлеуді қамтамасыз етеді. Жерді қашықтықтан зондтау деректерімен жұмыс істеуді геоинформатика және машиналық оқыту әдістерімен ұштастыру жоғары дәлдікті нәтижелер алуға және жергілікті деңгейден аймақтық деңгейге дейінгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.



Зертхана меңгерушісі
ЖОБАЛАР
Зертхана қызметкерлері