Жасанды интеллект зертханасы
Зертханалар жердегі және ғарыштық құбылыстарға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады.
ЛАБОРАТОРИЯ ТУРАЛЫ
Зерттеу бағыты: Жасанды интеллект зертханасы деректерді талдаумен, модельдеумен және болжаумен айналысады. Негізгі назар жасанды интеллект әдістерін табиғи құбылыстарға, атап айтқанда — сейсмикалық белсенділікке байланысты міндеттерде қолдануға аударылады. Жұмыста машиналық оқыту, терең нейрондық желілер, уақытша қатарларды талдау және кеңістіктік деректерді өңдеу пайдаланылады. Бұл құралдар сейсмикалық тәуекелдерді бағалауға және ықтимал салдарларды болжауға мүмкіндік береді.
ЖОБАЛАР
- AP19679336 - «Жер сілкіністерінің хабаршысы ретінде геомагниттік вариацияларды пайдалану тиімділігін арттыру әдістерін әзірлеу»
- AP19680174 - «GNSS томографиясы әдістерімен ионосфералық мазасыздықтардың динамикасын зерттеу»
- АР19174928 - «Ионосфералық біртекті еместіктерді сызықтық емес талдау әдістерімен зерттеу» Жас Ғалым жобасы
- BR20280979 - «Күннен келетін мазасыздық көздерінің жер маңындағы ғарыш кеңістігінің күйіне әсерін кешенді зерттеу»
Зертхана қызметкерлері

