Ысқақов Берік
Директордың ҒЗЖ жөніндегі орынбасары

Жалпы мәліметтер, білімі

Берік Искаков 1988 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Механика» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен тәмамдаған. Сондай-ақ осы мамандық бойынша магистратураны бітірген.

Еңбек жолы

2009-2012 жж. – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС-ның жетекші инженері.

2012-2017 жж. – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС-ның сектор меңгерушісі міндетін атқарушы.

2017 ж. – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС-ның зертхана меңгерушісі міндетін атқарушы.

2017-2020 жж. – «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ «Ионосфера институты» ЕЖШС-ның бөлім бастығы міндетін атқарушы.

2020 жылдан қазіргі уақытқа дейін – Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне қарасты «Ионосфера институты» ЖШС ғылыми-зерттеу жұмыстары жөніндегі директордың орынбасары.

 

ID: 57933059400