2024-2026 | Ғарыштық және геофизикалық өрістердің атмосфералық электр құбылыстарына әсерін зерттеу

  • ЖТН: AP23489628
  • Аяқтау мерзімі: 01.01.2024 – 31.12.2026
  • Жоба жетекшісі: Антонова Валентина Павловна, физика-математика ғылымдарының кандидаты
  • Жобаның мақсаты: Ғарыш және геофизикалық өрістер мониторингінің деректерін талдау үшін ақпараттық қамтамасыз етуді дамыту және олардың атмосфералық электр құбылыстарына әсерін зерттеу.
Міндеттері

2024: Тянь-Шаньдағы атмосфералық өткізгіштіктің мониторинг барысында нәтижелері тіркелген ғарыш және геофизикалық параметрлерді жинаудың, бастапқы өңдеудің, талдаудың және визуализациялаудың жалпы ақпараттық жүйесіне қосу. Жер қыртысының ақауына жақын орналасқан баяу нейтрондар үшін барометрлік коэффициентті анықтау.

2025: Метеорологиялық параметрлердің (ылғалдылық, температура, қысым) атмосфералық өткізгіштікке әсерін зерттеу. Баяу нейтрондар детекторларындағы литосфералық баяу нейтрондардың, тіркеу үлесін анықтау.

2026: Күн белсенділігінің спорадикалық көріністерінің атмосфералық өткізгіштікке әсерін зерттеу. Найзағай белсенділігінің әртүрлі энергетикалық диапазондардағы нейтрондарды тіркеуге әсерін зерттеу.

Күтілетін нәтижелер

Ұсынылған жоба осы процестерді сипаттайтын жаңа ақпаратты тарту арқылы қауіпті табиғи процестердің (найзағай және сейсмикалық белсенділік) әсерінен Күн-Жер жүйесіндегі себеп-салдарлық байланыстарды зерттеуді дамытуға және кеңейтуге бағытталған. Жобаны орындау нәтижесінде атмосфералық өткізгіштік пен метеопараметрлерді қоса алғанда, барлық тіркелген ғарыш және геофизикалық параметрлерді жинау, бастапқы өңдеу, талдау және визуализациялаудың кең ақпараттық жүйесі құрылады, бұл олардың арасындағы себеп – салдарлық байланысты жедел және толық бағалауға мүмкіндік береді. Метеорологиялық параметрлердің (ылғалдылық, температура, қысым) жаңа тіркелген параметрге – атмосфералық өткізгіштікке әсер ету дәрежесі айқындалатын болады. Сейсмикалық белсенділікті диагностикалау және болжау мақсатында осы ақпаратты одан әрі пайдалану үшін баяу (эпижылы) нейтрондардың детекторларында ғарыштан шыққан баяу литосфералық нейтрондарды тіркеу үшін айқындалатын болады. Күн белсенділігінің спорадикалық көріністерінің (тәждік массалардың шығарындылары) атмосфералық өткізгіштікке әсері зерттеледі, найзағай белсенділігінің әртүрлі энергетикалық диапазондардағы нейтрондарды тіркеуге әсері зерттеледі.

Алынған нәтижелер

Атмосфералық өткізгіштік, электр өрісі, жылулық нейтрон ағыны және метеорологиялық параметрлер туралы деректер жиналып, бастапқыда өңделді. Атмосфералық өткізгіштік, температура, қысым және ылғалдылық арасындағы байланыс жыл бойы өзгеріп отыратыны және жазда ең айқын көрінетіні анықталды. Ылғалдылықтың жоғарылауы ұсақ иондар концентрациясының төмендеуіне және атмосфералық өткізгіштіктің төмендеуіне әкелетіні көрсетілді.

Детекторлармен тіркелген литосфералық шығу тегі баяу нейтрондардың үлесі анықталды. Литосфералық нейтрон ағынының ақау тереңдігіне тәуелділігі анықталды: тереңдіктің артуымен (α, n) реакцияларының белсенді аймағының көлемі және Жер бетіне жететін жалпы нейтрон ағыны артады.

Тәждік масса лақтырулары мен Форбуш депрессияларының атмосфералық өткізгіштікке әсері, сондай-ақ найзағай белсенділігінің әртүрлі энергия диапазондарындағы нейтрондарды анықтауға әсері бойынша зерттеулер жалғасуда.

Жоба бойынша жарияланымдар
  • V. Antonova, V. Lutsenko, G. Gordiyenko «Experimental study of the impact of thunderstorms with lightning discharges of different polarity on the ionospheric parameters» // Atmosphere. – Vol. 16(11), – P. 1248. IF=3.222, CiteScore=4.1, Процентиль 69. https://doi.org/10.3390/atmos16111248.
  • Жіберілген мақала «Improving the accuracy of Earth’s magnetic field measurements» в журнал Sensors. IF=3.7, CiteScore=9.4, Процентиль 91.
  • Жіберілген мақала “Spatiotemporal Distribution of Lightning Activity and Polarity in the Northern Tien Shan under Orographic Influence” в журнал Atmosphere с импакт-фактором IF=3.222, CiteScore=4.1, Процентиль 69.
Жазылып, оқиғалардан хабардар болыңыз