Ионосфера институтының жас ғалымына Алматыдан пәтер сертификаты табыс етілді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік шара аясында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Мемлекет басшысының атынан сегіз жас ғалымға пәтер сертификаттарын табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында Алматыдағы жаңа тұрғын үй кешендерінің бірінен екі бөлмелі пәтерге сертификат алған Ионосфера институтының аға ғылыми қызметкері Мерекеев Айбек Айтоллаұлы да болды. Айбек Мерекеев ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысады, халықаралық рецензияланған журналдарда жарияланады, ұлттық және халықаралық жобаларға қатысады.

Жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – кәсіби өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға, ғылыми қызметтің беделін арттыруға, ғылым саласындағы кадрларды сақтап қалуға бағытталған мемлекеттік қолдаудың маңызды шарасы.

Ионосфера институтының ұжымы Айбек Айтоллаұлын жаңа пәтер кілтін алуымен құттықтап, амандық, отбасылық жайлылық, ғылыми ізденістеріне табыс тілейді.

Жазылып, оқиғалардан хабардар болыңыз